07 сәу, 2021 сағат 16:22

Медицина ұйымдарында фотоға және видеоға түсіруге бола ма?

Медицина ұйымдарында фотоға және видеоға түсіруге бола ма?

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгінде медицина ұйымдарында фотоға және видеоға түсіруге салынған тыйым алынып тасталды. Бірақ медицина қызметкерінің жұмысын түсіруге болмайды. Түсірілім пациент пен медицина мамандарының келісімімен ғана жүргізіледі», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Бұған дейін ол коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті болуы мүмкін бе?» деген сауалға да жауап берген еді. 

«Кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген вакцинация вакцинаны алушының міндетті түрде келісімі арқылы ғана салынатындығын атап өткім келеді. Яғни, кез келген уақытта бас тартуға болады», - деген болатын комитет төрағасы.