Алматыда Медеу ауданында Болай тауы (Мохнатка) тауы отқа оранды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Медеу ауданындағы Керей мен Жәнібек хандары көшелеріне жақын тауда өрт шыққаны туралы хабарлама 17:15-те келген.
«Шұғыл түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Оған 24 адам, 5 техника жұмылдырылды. Оның ішінде Іле Алатауы паркінің 15 қызметкері тартылды. Ауа райының желді болғанына қарамастан өрт 1 сағатқа жетпей сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау 1 гектар аумақты шарпыған.