04 ақп, 2021 сағат 09:01

Мәжіліс депутаттары коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Мәжіліс депутаттары Зарина Камасова, Ғалымжан Елеуов және Лариса Павловец бүгін коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәжіліс депутаттары вакцинаның бастапқы кезеңінен өздерінің медициналық әріптестерімен қатар алғашқылардың бірі болып өтті. Олар VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болып сайланғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеп, халыққа қажетті көмек көрсетті.

Депутаттар екпе енгізілгеннен кейін денсаулықтарының бірқалыпты екендіктерін айтты.

Сонымен қатар, журналистер Мәжілістің басқа депутаттарын, оның ішінде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің екпе салдыру жоспары туралы сұрады.

Мәжілістің баспасөз қызметі түсіндіргендей, қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал, Мәжіліс Төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, жеткілікті антиденелер бар. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.