02 қыр, 2020 сағат 18:50

Мажарстан коронавирусқа байланысты шекарасын жапты

Мажарстан 1 қыркүйектен бастап коронавирустан қорғану мақсатында жауып тастады, деп хабарлайды euronews сайты.

Будапешттің 1 қыркүйектен бастап шетелдіктерге кіруге тыйым салуды қайта енгізу туралы шешіміне Еурокомиссия алаңдайтынын жеткізді. 

Еурокомиссия COVID-19-ға байланысты қозғалысты шектеу бойынша ұсыныстар Еуропалық Одақтың шілде айында қабылданғанын еске салды.

Өз кезегінде Мажарстан билігі жаңа шектеу шараларының мақсаты – қарттарды қорғау және оқу жылының тыныш басталуын қамтамасыз ету деп түсіндірді.