02 ақп, 2020 сағат 11:38

Майк Помпеоның Қазақстанға сапары стратегиялық әріптестік аясындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді - СІМ

Қазақстан Сирия мен Ирактың соғыс аймақтарынан қайтарылатын азаматтарды оңалту және интеграциялау бойынша АҚШ-тағы мемлекеттік департаментпен әріптестігін жалғастырады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен жүргізген келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біздің экономикамыздағы ең ірі инвестор болып табылатын АҚШ-қа тәуелсіздігіміз бен егемендігімізге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін зор ілтипатымызды білдіреміз. Қазіргі таңда біздің ынтымақтастығымыз ХХІ ғасырдағы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие. Бұл деңгейге 2019 жылы Вашингтон қаласында екі ел басшылары — ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілді»,- дейді Мұхтар Тілеуберді.

Ол Нұр-Сұлтан мен Вашингтон саяси қатынастар, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара ынтымақтастық, қауіпсіздік және халықаралық терроризмге қарсы күрес, қару таратпау мен қарусыздандыру, адам құқықтары мен діни бостандық және басқа да салаларға өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша әртүрлі деңгейде бірнеше алаңдар форматында сапалы диалог жүргізуде екенін айтты.

«Біздің Майк Пампеомен келіссөздеріміз экономикалық ынтымақтастықты сапалы дамытуға деген ынтамызды тағы да растады. Бүгін америкалық әріптестермен прогматизм рухында мемлекеттеріміз арасындағы инвестициялық қатынастарды әртараптандыру мәселелерін талқылаудамыз. АҚШ-ты Қазақстан тарапы инвестиция, жаңа технология мен білімнің, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі стандарттардың қайнар көзі ретінде қарастырады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2019 жылдың соңында экономикалық, шикізаттық емес сигментіндегі алдыңғы қатарлы жобалардың бірі америкалық ауылшаруашылығы алыбы Тайсон Фудты біздің елге тарту болғаны туралы айтты.

«Бұл жоба бүкіл ауылшаруашылық және одан тыс салаларға мультипликативтік нәтиже береді. Ақпараттық технологиялар үнемі өнеркәсіптік өндірістің, экономикалық өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін маңызды әлеуетке ие. АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында біз шарттық-құқықтық базасында жаңа келісімдер мен толықтыруларға, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыруға және өңірлік форматта АҚШ-пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға назар аудардық. Жуырда Қазақстан мен АҚШ арасында қол қойылған құжаттар ішінен «Ашық аспан туралы« келісімді атап өту маңызды. Ол біздің мемлекеттер арасында тікелей әуе қатынасын ашуды басқа іске қосылған қазақстандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін қауіпсіздік пен жоғары стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әріптестермен АҚШ санкциялық жағдайында Қазақстанның экономикалық өсу мәселелерін талқыладық. Мемлекеттік департамент біздің заңды және тұлғаларға қатысты санкциялық әсерін болдырмау мақсатында қазақстандық тарапты қолдауды жалғастырады. Біз халықаралық терроризмге, экстремизмге және радикалды идеологияның таралуына қарсы күрестегі ынтымақтастықты қолдаймыз. Біз Сирия мен Ирактың соғыс аймақтарынан қайтарылатын азаматтарды оңалту және интеграциялау бойынша мемлекеттік департаментпен әріптестігімізді жалғастырамыз. Қазақстан C5+1 диалогы аясында ынтымақтастықтың аймақтық форматын белсенді қолдайды. Ертең Ташкентте С5+1 диалогын министрлер деңгейінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Орталық Азия өңірінің экономикасына инвестициялар мен технологияларды тартуды ынталандырады. Мемлекеттерімізде өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көршілес Ауғанстанға табысты экспорт жасауға мүмкіндік береді. Бұл аймағымызбен әріптестікті нығайту үшін таңдалған АҚШ-тың Орталық Азия бойынша стратегиялық басымдылықтарының бірі. Таратпау және қарусыздандыру саласындағы көпжылдық тиімді ынтымақтастықтан басқа біз халықаралық күн тәртібіндегі мемлекеттеріміздің басым бағыттарын, оның ішінде Елбасының жаһандық, қауіпсіздік, экономикалық даму және өркендеу жолындағы ірі державалардың арасындағы сенімді қалпына келтіру жөніндегі бастаманы талқыладық. Осылайша АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанға сапары деңгейлі стратегиялық әріптестік аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға деген талпынысымызды растауға және оны 2020 жылы одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Майк Помпое осы және өзге де мәселелерді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде талқылайды, - деді Мұхтар Тілеуберді.