Фото:sn.kz алынды
Кеше Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріпті. Ult.kz тілшісі саясаттанушының пікірін қазақ тіліне аударып беріп отыр.Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
"Дипломатияда омыртқасыздық емес, икемді омыртқа қажет. Өйткені «сіз нені қалайсыз?» деп ләппайлағаннан гөрі күш көбірек құрметтеледі. Егер мемлекет іштей қуатты болса, мұндай «қатты жаңғаққа» көбінің тісі батпайды. Бірақ біз әлі де қабығы жоқ тасбақа секілдіміз.
Путиннің Президент болған барлық жылдарындағы шетел сапарларының санын санайтын болсақ, ол бәрінен де Қазақстанға жиірек келген. 30 реттен көп келіпті.
Салыстыратын болсақ, Беларусь екінші орында – 27 рет барған. Айтпақшы, үшінші орында Украинаға барған – 21 рет, ол жақта да оны салтанатты түрде қарсы алған, бірақ кейін ол елге соғыс ашты.
Бұл Путиннің белгілі бір елге сапарларының саны сол елдің қауіпсіздігіне кепіл болмайтынын көрсетеді.
Егер 2022 жылы Украинада блицкриг іске асқанда, келесі нысана Қазақстан болуы әбден мүмкін еді. Қызығушылық танытқандар, Суркованың экспорт хаосы туралы мақаласын оқып шығыңыз, немесе ҚР тарапына айтылған арандатушылық мәлімдеме жасағандарды еске алыңыз. Соғыста белшесінен батқан Кремль қазір шығысқа қарай, Қытай бағытына бет бұрды және Орталық Азия оларға экономикалық одақтас ретінде көбірек маңызды. Аймақтағы тұрақсыздық Қытай мен Туркияға тиімсіз. Олар мұны көрсетті.
Ал, Қазақстан қазір жан жақтан түрлі ілмектерге ілініп қалған шхунаны еске салады: электроэнергетиканы, мұнай-газ саласын, уран өнеркәсібін, логистиканы тіпті Қазақстаның тарихын да түзеткісі келеді.
Ал Астанадағы ҰҚШҰ саммиті біздің ҰҚШҰ-на мүше ретінде қауіпсіздік саласындағы осалдығымызды тағы бір көрсетіп берді. Бұл Украинадағы соғыс барған сайын көбірек елдерді тартып қана жатқан жоқ, сондай-ақ Кремль ҰҚШҰ жарғысына сәйкес келетін сыртқы агрессия ретінде де көрсете алатын эскалация дәрежесіне де жетті.
Сондай кезде Өзбекстанның марқұм Президенті Ислам Каримов еске түседі. Оның кемшілігі көп болса да, 2012 жылы ҰҚШҰ Өзбекстанның егемендігі мен ұлттық мүддесіне қауіп төндіреді деп санап, ҰҚШҰ мүшелігін тоқтату туралы дана шешім қабылдаған.
Айтпақшы, жағдай шиеленіскен күнде Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымының Қазақстанмен тығыз байланысты бөлігі зымырандық шабуылдар аймағында қалуы мүмкін, Мысалы, атап айтқанда Новороссийск теңіз порты арқылы қазақстандық мұнай экспортқа шығатын КҚК нысандары орналасқан", -дейді Досым Сәтпаев.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ПУТИН АҚОРДАҒА КЕЛІП НЕ АЙТТЫ?