Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттар арасында пікірсайыстар ұйымдастур жоспарланған. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясындағы баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Шынымен де осындай мүмкіндік қарастырылған. Сайлау туралы заңнамада Орталық сайлау комиссиясымен де, сондай-ақ мәслихаттағы сайлауды ұйымдастыру кезінде тиісті комиссиялармен де дебаттар ұйымдастыру жайында айтылған. Сондықтан қазіргі кезде аталған мәселе аумақтық сай лау комиссиялар тарапынан пысықталып жатыр. Осы орайда пікірсайыстар ұйыстастырылатын болады», - деп түсіндірді Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова.