#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты

  • 15.01.2021
  • 0
  • 266

Мәскеуге коронавирустан қорғауға арналған 10 миллионға жуық қолданылған медициналық қолғапты жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Агенттіктің хабарлауынша, шетелдік компания мен Жаңа Мәскеудегі коммерциялық ұйым арасында келісімшарт жасалған. Оған сәйкес компания Ресейде сату үшін бір реттік винилді қолғаптарды жеткізуі тиіс болған. Прокуратура мәлімдемесінде кедендік декларациялар негізінде 9,9 миллионнан астам бір рет қолданылатын қолғап жеткізілгені айтылған. Сондай-ақ, өнімдер мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні анықталды, қолғаптар бұрын қолданылған болып шықты. 

Прокурорлық тексеру материалдары тергеу органдарына жіберілді. РФ ҚК 30-бабының 3-тармағы, 236-бабының 1- тармағы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу нәтижелерін бақылауға алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР