Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Күдіктінің көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Үлкен Лубянкадағы №12 үйдің жанында белгісіз біреу адамдарды ата бастады. Жарақат алғандар бар. Күдіктінің жеке тұлғасы анықталып жатыр. Қылмыскердің көзі жойылды», - деп мәлім етті ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.
Мұның алдында агенттік Үлкен Лубянка көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылғанын хабарлаған болатын.