08 мау, 2020 сағат 12:47

Мәскеуде үйінің терезесінен оқ жаудырған күдікті ауруханада көз жұмды

Мәскеудің оңтүстік-батысында пәтер терезесінен оқ жаудырған ер адам ұстау кезінде жараланып, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Мәскеудің Тергеу комитеті бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Медициналық көмек көрсеткен дәрігерлердің жұмсаған күш-жігеріне қарамастан күдікті қайтыс болды», - деді ол. 

1969 жылы туған Дмитрий Павлов 7 маусым кешке Құрылысшылар көшесіндегі пәтердің терезесінен карабиннен оқ атқан. Ұстау кезінде ол арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жараланған. 

Бұған дейін құқық қорғау органдарындағы дереккөзде дәрігерлер ұсталған адамға ота жасалатынын хабарлаған болатын. 

«Қылмыс себептерін анықтау үшін оған өлгеннен кейінгі психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізіледі», - деп хабарлады құқық қорғау органдары. 

Агенттіктің хабарлауынша, көршілері айтқандай, ер адамның жағдайы қиын болуы мүмкін, біраз уақыт бұрын әйелімен ажырасқан екен.

Марқұмның үйінен ішімдік мен «Фенибут» ноотропты препараты табылған. 

«Күдікті тұрып жатқан пәтерді тексеру кезінде ноотропты зат пен бос ішімдік бөтелкелері табылды», - деді Юлия Иванова. 

Атыс кезінде үйдің жанынан өтіп бара жатқан екі адам жарақат алған. 

«Ер адам ауруханаға жеткізілді, әйел адам тексеріліп, үйіне жіберілді, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Бас тергеу басқармасының өкілі. 

Арнайы жасақ қызметкері күдіктіні ұстау кезінде жеңіл жарақат алды.