19 қыр, 2017 сағат 13:07

Мәскеуде табылған ортағасырлық тостағандағы жазба парсы ақыны Хафиздің өлеңдері болып шықты

Ғалымдар Мәскеудегі қазба жұмыстары кезінде табылған XVI ғасырға тиесілі парсылық қола тостағанның бөлшектеріндегі өлең жолдарының авторын анықтады. 

Ол XVI ғасырда өмір сүрген парсы ақыны Хафиз Ширазиге тиесілі болып шықты, деп хабарланды сейсенбі күні Мәскеу мэрі және үкіметінің порталында. 

Өлең жолдары археологтар тапқан тостағанның үстіңгі жағында орналасқан және сәндік өрнектерді еске салады.

Жазбаны Шығыс музейінің мамандары оқып, орыс тіліне аударды.

Археологтар көне тостағанның бөлшектерін 2016 жылдың жазында «Моя улица» бағларламасының аясында Биржа алаңында жасалған қазба жұмыстары кезінде тапқан.

Хафиз шығармалары әлем әдебиетінде танымалдылыққа ие және көптеген тілдерге, солардың қатарында орыс тіліне  аударылған және оның өзі түрлі парсы билеушілері тұсында сарай ақыны қызметін атқарған.

Тостағанды қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады, одан кейін «Моя улица» бағдарламасы аясында табылған жәдігерлер қатарында енгізіледі.