06 қар, 2020 сағат 15:00

Мәскеуде оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

Мәскеудің оңтүстігіндегі мектепте оқушы бала дене шынықтыру сабағы кезінде көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС агентігі.

Жұма күні Тергеу комитетінің Мәскеудегі бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеріс басталды. 

«Алдын ала мәліметке сәйкес, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол. 

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

«Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Юлия Иванова. 

Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.