19 нау, 2020 сағат 13:45

Мәскеуде коронавирустан 79 жастағы әйел көз жұмды

Мәскеу қаласында жаңа типтегі коронавирус диагнозы расталған егде жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған хабарлайды.

Ресей астанасында коронавирус жағдайына бақылау және мониторинг жүргізу штабынан мәлімдегендей, науқас әйелдің бірқатар созылмалы аурулары болған. 

«79 жастағы әйел ауруханаға 13 наурыз күні жатқызылған. Туыстарының сұрауы бойынша, 14 наурыздан бастап жекеменшік медициналық мекемеге ауыстырылған. Одан коронавирус инфекциясы анықталған соң, дереу №2 инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Инфекциялық ауруханада көз жұмған әйелдің бірқатар созылмалы аурулары болғаны белгілі болды», - деді штабтан.