Мәскеуде Чистопрудный желек жолында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашылу салтанатына Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев пен Басманный ауданы басқармасының басшысы Ирина Лесных қатысты.
Елшінің айтуынша, көрме Ұлы Отан соғысындағы жеңістің кезекті мерейтойына орайластырылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Көшербаев Қазақстанның майданға 1 млн 200 мың адам жіберіліп, оның ішінде 600 азаматтың қайта оралмағанын еске салды. Сонымен қатар республика майданға қару-жарақтар, оқ-дәрілер, азық-түлік және киім-кешек жіберіп отырған.
Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаев қоры, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мұрағаттарынан 16 екіжақты стенд ұсынылған.
Мәскеу тұрғындары мен ресейлік астана қонақтары Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге қосқан үлесімен таныса алады.
Көрмені Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен және Мәскеу қаласы билігінің көмегімен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырып отыр.
Қойылым 16 мамырға дейін созылады.