Роспотребнадзор бүгіннен бастап Мәскеудегі кәсіпорындардың қызметкерлеріне міндетті вакцинациялауды тексере бастайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жайында Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты.
Оның ақпаратына сенсек, сауда, көлік, медицина, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кем дегенде 60%-ына COVID-19-ға қарсы вакцина егу тапсырылды.
Талап мемлекеттік, азаматтық және муниципалдық сала қызметкерлеріне, билік органдарына да қатысты. Тексеру ақпараттық технологиялар көмегімен жүргізіледі.
Айта кетелік, көрші елде 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін вакцинаның I компоненті немесе бір компонентті вакцина барша жұмысшыларға салынуы тиіс еді.
Ал 15 тамызға дейін екпенің II компонентін алу қажет.
Бұл талапты орындамаған ұйымдарға қызмет түріне байланысты 30-50 мыңнан 300 мыңға дейін, тіпті 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады.