Мәскеудің оңтүстік-батысында белгісіз біреу үйінің терезесінен оқ жаудырған. Оқиғадан жолай өтіп бара жатқан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жағдай кеше түнгі 22:00 шамасында Құрылысшылар көшесінде болды. Ер адам белгісіз қарудан оқ жаудыра бастады. Оқиға орнына ІІМ және Росгвардия қызметкерлері келіп жетті.
Атыс кезінде үйдің жанынан өтіп бара жатқан екі адам жарақат алған. Тергеу комитетінің мәліметінше, арнайы жасақ қызметкері де жараланды.
Қаскөй пәтерді полицейлер штурммен алғаннан кейін ұсталды. Ішкі істер министрлігі күдіктінің қарсылық көрсеткенін мәлімдеді. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілген.
Куәгерлердің сөзіне сенсек, атыс кем дегенде 20 минутқа созылған.
Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғады.