24 қаз, 2020 сағат 10:10

Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық масканы дұрыс тағу бойынша кеңестерін берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі:

1. Масканы тақпас бұрын, қолыңызды спирт, антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз;

2. Масканың металды қысқышын немесе қалың жерің жоғары қаратып тағыңыз;

3. Әдетте, масканың сыртқы жағы қанық түсті болады. Боялмаған бетін ішке қаратып тағыңыз;

4. Масканың металды қысқышын мұрынның формасына ыңғайлаңыз;

5. Маска мұрын, ауыз, иекті жауып тұруы тиіс;

6. Масканы мұрын мен ауызды толық жауып тұратындай, бет пен масканың арасы ашық қалмайтындай етіп тағыңыз; 

7. Масканы қолмен ұстамаңыз. Ұстайтын болсаңыз, қолыңызды тазалап сүртіңіз немесе жуыңыз;

8. Маскаңыз сулана бастаса, дереу ауыстырыңыз;

9. Бірреттік масканы қайта тақпаңыз;

10. Масканы құлақ артындағы резеңкесінен (масканың алдынғы бөлігін ұстамай) ұстап шешіңіз және бірден қоқысқа лақтырыңыз. Кейін қолыңызды сүртіңіз.