17 қыр, 2025 сағат 17:04

Мәсімовтің үйінен тәркіленген заттар аукционда сатылды

Фото: Newshub.kz

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген құнды заттар аукцион арқылы сатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Аукциондағы ең қымбат лот – таза алтыннан құйылған, «Элизабет Екінші» сериясымен шыққан 200 долларлық коллекциялық монета болды. Бастапқы бағасы 3,2 миллион теңге болған бұл тиынға төрт адам таласып, түпкілікті баға 4,3 миллион теңгеге дейін көтерілді.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Сонымен қатар, Мәсімовтен тәркіленген:

  • түрлі түсті эмальмен безендірілген қынабы бар қылыш – 385 мың теңгеге;

  • екі кавказ қанжары – 438 мың теңгеге;

  • сары металдан жасалған пышақ – 155 мың теңгеге;

  • әшекей-бұйымдар – 42 мың теңгеге сатылды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл заттардың нақты иесін жария еткен жоқ. Дегенмен аукционға шығарылған бұйымдардың бәрі Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленгені белгілі.