31 қаз, 2016 сағат 10:49

«Маша мен аю» — балалар үшін ең қауіпті мультфильм

Психологтар балалар үшін ең қауіпті мультфильмдердің тізімін жасады. Мамандар бала экрандағы болып жатқан жайға сеніммен қарайтынын басты назарға алды. Сонымен бірге олар сол кейіпкерлерге жиі ұқсағысы келетінін, балалар үшін ол өмірдегі адам ба, әлде қиялдағы персонаж ба, бәрібір екенін алға тартуда.

Мамандардың пікірінше, «Маша мен аю» мультфильмі балалар үшін ең қауіпті болып саналады. Себебі мультфильмдегі Маша қыз ерке әрі тәртіпсіз. Ойындағысын орындамай қоймайтын шолжаң.

Екінші орында  - америкалық «Монстр Хай» мультфильмі. Бұл мультфильмде жаргон сөздер көп болғандықтан ол баланың тіліне, сөздік қорына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Үшінші орында - «Губка боб», психологтардың пікірінше, мультфильмнің басты кейіпкері жанжалға өте бейім. Боб үнемі достарына қарсы шығып, олармен дауласып жүреді.

Келесі орынға мамандар «Том мен Джерри» мультфильмін қойып отыр. Психологтар мультфильмде тышқан ылғи Том мысықты қорлап, мұқататынын, ал мысық болса одан бар ашуын алатынын айтады.

Мамандар ата-аналарға балалары көретін мультфильмдерге назар аударып, егер ол жағымсыз болса, көрсетпеген дұрыс деген кеңес береді.

ҚазАқпарат