01 мау, 2019 сағат 08:08

Марк Цукерберг Facebook төрағалығынан кете ме?

Марк Цукербергтің Фейсбук төрағалығынан кетуін талап етуге қатысты дауыс беру компанияның жыл сайынғы жиналысында өтуі мүмкін, деп жазады ВВС басылымы.

Марк Цукерберг Facebook атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарып келеді. Дауыс берушілер төрағалықтан кету Марк Цукербергке компанияны басқаруға көбірек көңіл бөлуге көмектесетінін айтты. Дегенмен қазірдің өзінде директорлар кеңесінің 60%-ы Марк Цукербергті қолдап отыр.

Фейсбукте 7 млн доллар акциясы бар Trillium Asset Management компаниясының вице президенті Джонас Кронның айтуынша, Марк Цукербергтің әлемдегі ең ірі компаниядағы екі лауазымды қызметті қатар алып отыруы дұрыс емес.

«Бұл оңай емес екенін түсінемін. Дегенмен, оған да, акционерлерге де пайда әкелетін қадам осы болмақ», - дейді ол.

Сонымен қатар мамыр айының басында Facebook компаниясының қауіпсіздік қызмет басшысы болған Алекс Стамос та Цукербергтің атқарушы директор қызметінен кетуін талап еткен болатын. Канадада өткен конференцияда ол Цукербертің қолына тым көп билік берілгенін айтқан еді.