02 сәу, 2024 сағат 15:29

Манипуляция шебері — Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот отырысы туралы пікір білдірді

Фото: Tengrinews.kz

Азаматтық әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасына сот ісі туралы пікір білдіріп, марқұм Салтанат Нүкеновамен жазысхан жазбасын жариялады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Тағы да тоқтамай балалар туралы айтып жатыр. Мен Салтанатқа жазды деп не үшін айтасың? Жазған жоқпын", -деп жазды Назым Қаһарман инстаграмдағы сторисына.


Сонымен қатар ол Нүкенованың анасының сөзіне келісетінін айтып: "masterpiece ("шебер" — ред.) манипуляции" деп бағалады. Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің туыстары да инстаграмға жазып жатқанын айтыпты және Салтанатпен жазысқан жалғыз хабарламасының скриншотын салған. Онда Салтанат балаларының өзіне жақсы қарайтыны үшін Назымға алғысын айтып, Қаһарманмен кездесуге ниет білдірген. Назым да бас тартпаған. 


Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман қызының Салтанат Нүкеновамен жазысқан хабарламасын да жариялады.

"Қатты сағындым, әкем жаман адам, әйелді ұру жаман және ұятты іс", -делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, 1 сәуірде болған сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаев қаза болған Салтанат Нүкенованы ішімдік ішіп, агрессия танытатынын адам болғанын айтып, жауапкершілікті Салтанаттың өзігне аудармақ болды.