10 там, 2022 сағат 17:45

Маңғыстаудағы ұрлық елді дүрліктірді - видео


Маңғыстау облысында екі ер адам газ құю бекеті қызметкерінің ақша салынған сөмкесін ұйықтап жатқан жерінен қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда екі адам Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде ұйықтап жатқан ер адамның 80 мың теңге көлемінде ақша салынған сөмкесін ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталған.

Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.