02 шіл, 2018 сағат 19:45

Маңғыстауда күн 46 градусқа дейін ысыды

Маңғыстауда 30 маусымнан бері күн ыстық боп тұр. Қазір өңірдің кей жерлерінде сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтерілген. Ал, топырақ бетіндегі температура 52 градус,  деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің айтуынша, өңірде температураның күрт көтерілуі кең ауқымды антициклонның ықпалына байланысты.

Ыстық тек апта соңына қарай басылады. Қазір қала маңындағы жағажайларда ине шаншар орын жоқ. Тұрғындар аптап ыстықтан суға шомылып қорғанып жүр.

Айта кетейік, былтыр да осындай ауа райы болған. Әсіресе, облыс маңынан алыс жатқан аудандарда ең жоғарғы температура тіркеліп отыр.

«1 шілде күні Қарақия ауданы +45+46 градус, Маңғыстау +44,+45 градус тіркелді. Аталған құбылысқа қатысты аптап ыстық болатыны жөнінде синоптиктер алдын ала ескертті. Бұл ыстық алдағы уақытта сақталады. 3 шілде күні +37+42, кей жерлерде +46 градус, ал, 4 шілде аздаған төмендеу болады, +34,+39 шамасында. Кей жерлерде +43 градусқа болады деп күтіледі», - дейді Қазгидрометтің өңірлік филиалының жетекші инженер-синоптигі Динара Ілясова.