#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

  • 09.07.2020
  • 0
  • 298

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы белгісіз адамдардың итбалықты қорлау фактісі бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы полиция бөліміне шағым түсірген. Полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне (Жануарларға қатыгездiк жасау) сәйкес олардың жеке басын анықтап, қылмыстық іс қозғады», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

 

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. 

«Достар! Жабайы жануарлармен кездесіп қалсаңыздар қашықтық сақтаңыздар және абай болыңыздар», - деді Сәкен Ділдахмет.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар