23 сәу, 2020 сағат 09:30

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған азамат - Ақтау тұрғыны

Бүгін сағат 09:50-дегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында 1 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.

Ол - 24 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған, деп хабарлады Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы. 

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша аталған азаматтан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. 

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

Осы уақатта Маңғыстау облысында қауіпті вирусты жұқтырған 19 адам, аурудан айығып кеткен 4 адам бар.