Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Жамал Жаманбаева тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жамал Әбдібекқызы 1965 жылы 15 тамызда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын бітірген.
1988-1989 ж.ж . – Жаңаөзен қалалық перзентхана интернатурасында;
1989-2002 ж.ж. – Бейнеу аудандық перзентханасында босану бөлімінің меңгерушісі;
1996-1997 ж.ж. – Бейнеу аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары;
2002-2004 ж.ж. – Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;
2004-2009 ж.ж. - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы;
2009-2011 ж.ж. - Ақтау қалалық перзентханасының директоры;
2011 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін – Облыстық перинаталдық орталықтың директоры қызметін атқарды.