Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысы бойынша алдағы демалыс күндері облыс аумағында карантин ережесіне қосымша шектеу шаралары енгізіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдағы демалыс күндері қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалау мен аквапарктердің жұмысы тоқтайды.
Барлық базарлар мен фитнес клубтар, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын тоқтатады (ондағы, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сататын дүкендер мен бөлімдері жұмысы тоқтатылмайды, жалғаса береді).
Бұл шектеулер 27,28 маусым күндеріне жасалып отыр.
Талаптарды бұзған жағдайда заң бойынша шара қабылданады.