Сурет: dzen.ru
Аттила (немесе Аттілі – (мүмкін Аттылы), түркі-қазақ тілінде осылай аталуы тиіс. Ежелгі қазақтар көшпелі халық болған соң балаларының есімін төрт түлік мал мен ит-құстың атымен атай берген. Бұған таң қалуға болмайды; «Итүрген», «Бөрауыз», «Тұяқ», «Сарыжал», «Нарбұқа», «Кетбұқа», «Қойбағар», «Қозыбақ», қыздарын «Еркетай», «Құлан», «Бөрте», «Бота», «Ақбота» «Нарқыз» өстіп кете береді). Еділ бойындағы (Волга) ғұндардан шыққан соң қазақтар Аттіліні Еділ батыр деп те жалпы түрде атай береді.
Өздерін «Күн» немесе «Ғұн» – деп атау сол замандағы көшпелі Алаш жұртында көнеден қалыптасқан Ю.Яковецтің «История цивилизации» монографиясында былай дейді: «Их предки были свободными людьми – детьми великих степей, их называли гунны или хунны. Сами они называли детьми Солнца или самим солнцем – Кун, Гун, что по гунский и по казахски означает солнце».
Еділ өзенінің бойынан Кәрі құрлыққа жорыққа шыққан Аттілі (Аттила) жолында қазіргі Русьті кездестірмеген. (Ол кездерде солтүстіктегі көршіміздің мемлекеті тұрмақ, княздықтары да құрылмаған. Ормандарда өз денесінен шығатын зәр суымен (сідігімен) беті-қолын жуып, балық аулап, аңшылықпен айналысып, жабайы түрде күн көрген. Бұл Еуропа ғалымдарының дәлелдеген шындығы. Бұл дәстүрді олар қазір де ұстайды. Денелеріне қотыр шықса немесе бір жерін жырып кетсе, «насыбайларының суын» пайдаланады.
Сонымен, Кәрі құрлық аумағына басып кірген, Аттілі (Аттила) бастаған Ұлы жорық Рим империясына оңдырмай соққы берді.
Көшпелі Ұлы қағанаттың күш-қуаты мыңжылдық Римді шынымен де шошытып жіберді. Егер орыс тілінде айтатын болсақ, «Рим – вечный город», – был национальной идеей Римской империи.
Ғұндардың соққысынан кейін, бұл мәтел жайына қалды. Сол бір уақытта Рим империясының қарамағында жүз миллиондай халық болған екен. (Патрик Ховорд. «Аттила-король гуннов. Человек и миф») Аттіліне қарайтын ғұндар ондай көп емес еді. Бірақ, жауынгерлері соғысқа қабілеті жағынан римдіктерден екі-үш есе асып түсетін. Ат үстінде шебер соғысатын. Рим империясына қарайтын жауынгерлер көбіне жаяу жүріп плангалық ұрыс жүргізетін. Тек темір сауытты рыцарлары болмаса. Шауып келе жатқан ғұн сарбазы оларға жақындамай-ақ, шалма лақтырып атынан аударып түсретін. Қанша ғасырлар бойы Еуропаның барлық ұлттарын өзіне бағындырып, олардың санасына «Біз құлдармыз», – деген сөзді сіңіріп, қалыптастырған және жеке халық болып, дербес мемлекет құруды ой-жүйесінен сылып тастаған, бұл империя - орта ғасырдағы ең қатыгез құрылым еді. Адам шошырлық гладиаторлар шайқасын ойлап тауып, кісі қанын судай шашып, өздері содан ләззат алып, адам баласын мазақ қылған бұл көне римляндардың жауыздығын, көшпелі ғұн қағанаты күлін көкке ұшырды. Каталаун жазығындағы мың жылда болатын Ұлы шайқас, тұтас Еуропаның ұлттарын үйіндегі итіндей үйретіп алған Римді, оңдырмай бүк түсірді. Герман, Пари, Гот, тағы басқа толып жатқан тайпалар мен халықтар өз бостандығын алып кетті.
Осы арада аздап шегініс жасап, мынаны айта кеткенді жөн көрдік: Атақты ғалымымыз Әлкей Марғұлан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының дүниеге келгеніне 4000 жыл болған, – деп жазыпты. Сонда бұл дастан Сақтар заманында туған ғой. Осыған қарап біздің қазақтар Сақ, Ғұн аталып, кейіннен Түркілер және Алаш жұрты болып қазіргі заманға түрлі атаулармен жеткен десек, қателеспегендігіміз.
Сонда Аттілі (Аттила) немесе Еділ батыр қазақтың төл баласы екендігіне жүз пайыз сенуіміз керек қой.
А.Н.Бернштам былай деп жазады: Нақтырақ болсын деп орысша келтірдік. «Гунны сыграли свою историческую роль приняв участие в крушение огромной многоэтничной и разнородной Римской империи, на политической карте Европы появились новые государственные образования. Вот в этом то и была главная заслуга гуннов и гения Аттилы перед мировой цивилизацией», – дейді.
Аттіліне (Аттила) осыдан бірнеше жылдың алдында 1600 жыл толды. Әлемге әйгілі, тұтас Рим империясын құлатып, ондағы жүздеген ұлттарға бостандық алып берген ұлы хан және батырымызға елімізде ескерткіш монумент тұрғызып, бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуімізге болар еді.