Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дейін сынақ жарыстары мәртебесін алған турнирлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
2020/21 маусымына жоспарланған сынақ турнирлері коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын. Мәнерлеп сырғанаудан 13-17 қазан аралығында өтетін Asian Open турнирі сынақ жарысы мәртебесіне ие болды.
8-10 қазанда Бейжіңде конькимен сырғанаудан халықаралық турнир өтеді, ал 21-24 қазанда әлем кубогі кезеңі аясында шорт-тректен тестілік жарыстар жоспарланған.
Айта кетерлігі, Бейжің Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.