08 мау, 2020 сағат 17:10

Мамыр айында баспана бағасы қалай өзгерді?

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өткен мамыр айында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы мамырда оның алдыңғы аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1%, абаттандырылмаған үйді алып-сату бағасы – 0,5%, жаңа тұрғын үйлерді алып-сату 0,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2% қымбаттады», - делінген ақпаратта. 

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен мамыр айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1 шаршы метрі үшін 297 775 теңгені құрады. 

Абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 208 148 теңге тұрды. 

Ал абаттандырылмаған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 128 730 теңгені құрады.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метрі үшін 1 577 теңге болды.