
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың инвестиция тартуға жауапты орынбасарлары маңызды функциясына баса назар аударуы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жыл енді басталса да, министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдауы керек және белгіленген мақсаттар мен міндеттерді дәл орындауы тиіс», - деді Премьер-Министр.
Осы ретте Асқар Мамин орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ұсынысын қолдайтынын атап өтті.
«Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңірлердің әкімдеріне және квазимемлекеттік сектордың басшыларына инвестиция тартуға жауапты орынбасарлардың осы маңызды функцияға баса назар аударуына ықпал етуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.
