15 мау, 2021 сағат 14:26

Мамандар егілген орманды интерактивті карта арқылы бақыламақ


Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі егілген орманның интерактивті картасын іске қоспақшы, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы вице-министр Әлия Шалабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. 

«Қазіргі уақытта егілген орманға мониторинг жасап, бақылау жүргізетін интерактивті карта құру мәселесі пысықталуда. Қазірдің өзінде «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясында орман екпелерін, заңсыз ағаш кесу фактілерін және орман қорының құрылымын мониторингілейтін платформа жұмыс істеп тұр. Ол жүйе орман шаруашылығы қызметкерлеріне қолжетімді. 1 қыркүйектен бастап осы жүйе негізінде орман алқаптарының цифрлық картасын түзіп, соның негізінде орман екпелерінің учаскелері, алаңдары мен тұқымдық құрамы көрсетілетін интерактивті картаны енгізіледі. Бұл картаны орман мекемелерінің қолданыстағы желісімен байланыстырамыз», - деді министрдің орынбасары.

Ведомсто өкілінің айтуынша, аталмыш интерактивті картаны қарапайым тұрғындар да мобильді құрылғылар арқылы тәулік бойы пайдалана алады.