Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты Молекулалық биология зертханасының меңгерушісі Диляра Гриценко ағзада вирусты анықтаудың мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тестілеудің инфекцияға қатысты сезімталдығы төмен екендігі туралы көп айтылды. ПТР тәсілі коронавирус инфекциясын анықтаумен қатар, АИТВ мен вирусты гепатитті анықтау үшін пайдаланылып келеді. Осы тестілердің көмегімен науқастарды есепке қою іске асырылып, вирустық ахуал анықталады», - деді ол коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында.
Маманның айтуынша, коронавирус инфекциясы күдігімен адамдардың қай кезеңде келетіндігі маңызды болып отыр.
«Инкубациялық кезеңде вирусты анықтау айтарлықтай қиын. 5-тен 14 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңде симптомдар пайда болғанша вирустың қарқынды көбеюі болады. Симптомдардан кейін бесінші, алтыншы күнде вирустық жүктеме төмендей бастайды. Пневмония әрі вирусты этиологиясы бар адамдардың көбісі өздерінде коронавирус анықталмағанын, алайда барлық симптомдар коронавирус инфекциясына ұқсас екенін айтты. Өкінішке қарай, осы кезеңде вирустық жүктеме төмендейді, сондай-ақ бактериалдық белгілер байқалады. Осы жағдайда анықтау қиынға түседі» - деді Д. Гриценко.
Оның сөзінеше, вирусты инфекцияларға қатысты тексеру күрделілеу. Сонымен қатар дигностикасы да қиындау, себебі вирустардың мутациясы өте жылдам жүреді.