Pfizer коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша Қазақстан Үкіметімен келіссөз туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компанияның ақпарат агенттігіне берген жауабында, Pfizer және BioNTech компаниялары қажеттілікке байланысты бүкіл әлемге COVID-19-ға қарсы вакцина беру ниеті бар екенін көрсеткен.
"Біз вакцина жіберу үшін барлық елмен, соның ішінде Қазақстанмен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта қандай да бір мәлімдеме жасауға әлі ерте", - деді Pfizer компаниясының Кавказ және Орталық Азиядағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Мадина Көкбаева.
10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасының 2 миллион дозасы мамырда елге келу керек болғанын, бірақ жеткізілім белгісіз себептерге байланысты тоқтатылғанын айтты. Ол Президент Әкімшілігі мен Үкіметке вакцинаны жеткізуге кедергі келтірген лауазымды тұлғаларға шара қолдануды тапсырды, сонымен қатар Pfizer-ді Қазақстанға қысқа мерзім ішінде жеткізуді тапсырды.
15 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer-мен 2021 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанға вакциналар жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді. Кейінірек Алексей Цой келісімнің егжей-тегжейі құпия екенін айтты. Оның айтуынша, вакцинаның екі миллион дозасын жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстанда 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer/BioNTech препаратымен ерікті вакциналау жоспарланған. Цой кәмелетке толмағандарға вакцина ата-ана келісімімен ерікті негізде ғана жүргізілетінін айтты.