21 мам, 2020 сағат 09:09

Мақтааралдағы тасқыннан зардап шеккен елдімекендер судан толық тазарды – Қалқаманов

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сіздерге жағымды жаңалықты жеткізгім келеді. Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің барлығы судан тазартылды. Онда әкімдік, Қазсушар, ТЖК, әскерилер мен Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды» деп жазады Сәкен Қалқаманов. 

Айта кетейік, Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, ондағы су Мақтаарал ауданының бес елдімекенін шайып кеткен болатын.