#
#
Сенбі 11/07/2020

Мақтааралдағы су шайған ауылдардың барлығында инфрақұрылым толық жаңартылуда

  • 05.06.2020
  • 0
  • 351

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аймақ басшысы халық қалаулылары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың бүгінгі жағдайымен танысты.

Өмірзақ Шөкеев Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмысының барысымен танысып, елдімекендерді аралап көрді. Кездесу барысында облыс әкімі жауаптыларға апаттан жапа шеккен тұрғындардың өтемақысын тездетіп төлеуді, ауылдарды қалыпқа келтіру жұмысын жеделдетуді тапсырды. 

Айта кетейік, қалған ауылдарда қираған үйлерді бұзу мен құрылыс материалдарын тасымалдауға Өзбекстан елінің төтенше жағдай министрлігі тарапынан да көмек күші жұмылдырылған. 

Мәселен, Өргебас ауылындағы 197 үйдің барлығы жаңадан салынады деп жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарының 90 пайызына құрылыс қаражатының жартысы берілген. Нәтижесінде 20-ға жуық үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. 

Ал, Фирдауси ауылында 320 тұрғын үй иелерінің жартысынан астамы қаражатын қолына алған. Ауылда апаттан зардап шеккен баспаналар бұзылып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кеткен. 

Жалпы, су шайған ауылдардың барлығында инфрақұрылым толығымен жаңартылуда. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар