16 мам, 2020 сағат 10:55

Мақтаарал ауданында су басқан үйлердің жартысынан көбінен су сорып шығарылды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралардың арқасында Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1 030 үйдің 578-нен су сорып шығарды.

452 үй су астында қалды. Су басқан аумақтардан суды сорып шығару және қорғау бөгеттерін салу жұмыстары жалғасуда. Жүргізілген жұмыстардың арқасында су басқан аумақтың аумағы 2000 га азайды және 5458 га құрады. Өргебас және Фирдоуси ауылдарында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды. 

«АМО» ММ шұғыл бригадасы және Түркістан облысы ТЖД психологтары зардап шеккен халыққа психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

«Бүгінгі күні 6,2 млн. астам м3 су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, 87 000-нан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды»,-делінген хабарламада. 

Тәулік бойы ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдары 1606 адам, 321 бірлік техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмысын жалғастыруда.