18 қыр, 2020 сағат 08:12

Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шақырды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды осы аптада өтетін сенбілікке шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстандықтарды осы сенбіде акцияға шақырамын. Бүкіл ел бойынша дәл сол күні волонтерлар, қоғам өкілдері табиғи аумақтарда тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинап, ағаш отырғызады», - деп жазды министрі Твиттердегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, акцияға кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Өз аулаңызды, үйіңізге жақын бақты тазартуға атсалыссаңыз болды.