Мадридтің орталығындағы ғимаратта болған жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды испан БАҚ өкілдері.
Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес Алмейда мәлімдеме жасап, оқиғаның себебі - тұрмыста қолданылатын газ екенін жеткізді.
Жарылыс жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында болған. Ғимараттың жоғарғы төрт қабатына зақым келген. Бұл ғимарат - қала орталығында орналасқан қонақүй.
Жедел жәрдем бригадалары көшедегі жарақат алған адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Полиция қоршап алған оқиға орнына Мадрид өрт сөндіру бөлімінің 9 бригадасы келіп жетті.