#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу керек пе - Ақтоты Райымқұлова жауап берді

  • 05.06.2020
  • 0
  • 183

Мәдениет және спорт министрлігін 2 ведомствоға бөлу қажет пе? Дәл осы сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде мәдениеттің де, спорттың да бар екендігін мақтан тұтамын. Бұл әнұранымызды ойнатып, туымыз көкке көтеретін салалар саналады. Бүгінгі күні мәдениет қайраткерлері де, спорт қайраткерлері де Қазақстанның бай мәдениетінің тамаша үлгілерін, спортшыларымыздың айрықша жетістіктерін таныту үшін еңбек етіп жүр. Сондықтан қазіргі уақытта бұл екі саланың бір өкілетті орган құрамында болғаны орынды», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол қазақстандық спортшылар мен әртістер арасында коронавирус індетін жұқтырғандар жоқ екенін атап өтті.

«Менде мұндай ақпарат жоқ. Спортшыларымыздың да, әртістеріміздің де дені сау болып, өз қызметін одан әрі жалғастыра береді деп сенемін», - деді Ақтоты Райымқұлова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар