Дүйсенбі күні Лондонның белгілі Тауэр көпірі істен шығып, көтеріңкі күйде тұрып қалған. Салдарынан Темза өзенінің екі жағында үлкен көлік кептелісі туындады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Лондон Сити (City of London) аудандық полиция бөлімшесі ресми өкілінің мәліметінше, жазылмалы Тауэр көпірі түнгі сағат 2:45-тен кейін ашық күйде тұрып қалған.
1976 жылдан бастап көпірдің екі секциясы май және электр жарығымен жұмыс істейтін арнайы генераторлар арқылып көтеріліп-түсіріледі.
«Техникалық істен шығу себебімен Тауэр көпірі қазіргі кезде көтеріңкі күйі тұрып қалған», - деді көпірге иелік етіп отырған City of London корпорациясының ресми өкілі. Корпорацияда орын алған проблеманы тезірек шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп отырғанын қосып өтті.
Былтыр тамызда көпір осыған ұқсас жағдайдың орын алуы себебімен бір тәуліктен астам уақытқа жабылған.