Лондонның Элефант-энд-Касл бөлігіндегі стансада шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Euronews-ке сілтеме жасап.
Оқиға кезінде екі адам зардап шеккен. Лондонның өрт сөндіру қызметі стансада үш коммерциялық ғимарат, бірнеше көлік пен телефон будкасы өртенгенін растады.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Оны сөндіруге 100 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Куәгерлердің айтуынша, олар өрт басталар алдында бірнеше рет жарылысты естіген. Алайда полиция бұл оқиғаның терроризмге қатысы болуы ықтимал деген жорамалды жоққа шығарды.
Өрт салдарынан осы бағыттағы пойыздар жүрісі уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар стансаға жақын үйлер мен кеңселердегі адамдар эвакуацияланды.