07 қыр, 2021 сағат 15:43

Локдауннан Вьетнамның ең ірі қаласының тұрғындары ашығуда


Коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін енгізілген локдаун Вьетнамның ең ірі қаласының тұрғындарының ашығуына әкеп соқтырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады. 

«Толық оқшауланудың салдары ауқатсыз қалуға мәжбүр етті. Мұнда 9 миллион адам тұрады және қала пандемия эпицентрінде болды. Елде коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны 520 мыңды құрайды, 13 мыңнан астам адам қайтыс болды, олардың 80% - Хошиминде» делінген хабарламада. 

Covid-19 ауруы диагнозы қойылған және олармен байланыста болған тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынады, барлық жерде бақылау-өткізу пункттері орнатылған, ал ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері әлі де өсуде.