Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Қаныш Әбубәкіров БҰҰ миссиясына қатысу үшін Ливанға жіберілген үшінші біріккен бітімгершілік ротасы әскери қызметшілерінің отбасыларымен кездесті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу Қапшағай гарнизоны мәдени-демалыс орталығында өтті. Қолбасшы әскери қызметшілердің отбасыларымен жеке уақыттарында байланысқа шығу және сөйлесулеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап беріп, қажет болған жағдайда оларға барлық көмек көрсетілетінін атап айтты.
Контингент командирінің орынбасары капитан Айбол Сауқымұлы өз баяндамасын жеткізді. Ол жеке құрамның моральді-психологиялық жағдайына, ротаның барлық қамтамасыз ету түрлеріне қатысты мәселелерді талқыға салып, сонымен қатар Ливандағы геосаясаттық жағдаймен таныстырды.
Кездесу соңында генерал-майор Қаныш Асанханұлы қазақстандық бітімгерлік полкы бірінші біріккен бітімгерлік ротасы өзінің бітімгершілік парызын ерлік пен абыроймен аяқтады. Қазіргі уақытта жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсеткен екінші рота да өз тапсырмаларын аяқтауда.
«Мен үшінші біріккен бітімгерлік ротасы алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындайтындарына сенемін», - деді бітімгерлердің туған-туыстары мен жақындарына. Өз кезегінде генерал-майор Қаныш Әбубәкіров туыстары тарапынан әскери қызметшілерге моральдық қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 30 қазанынан бастап қазақстандық бітімгерлік полкының әскери қызметшілері «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» атты бітімгершілік миссиясына қатысуда. Қазіргі кезде екінші рота миссияны атқаруда, оны жақын арада үшінші біріккен бітімгерлік ротасы алмастырады.