18 мам, 2022 сағат 09:05

Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді


Жақында Алматыдағы ХҚКО-да жүрген кеңес және ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Teleprogramma басылымына Қазақстанға не үшін келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен өзімнің досым, бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым. Отырып қайттық, болды. Бір шеті ХҚКО-ға белгілі бір операцияны орындауға келдім. Ал қазір мені сонда қалады деп жатыр. Жоқ, мен "Байқоңырдан" Марсқа ұшып кетуге құжаттар дайындадым. Қазақтар келісіп қойған!

Енді бұл ақымақтық қой, түсініп тұрған шығарсыздар. Бүгін мен Колонна залында Александра Николаевна Пахмутовамен Пионерия күнін жабу салтанатына қатысамын", - деді Лещенко. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ХҚКО-да жүрген суреттер тараған болатын. Қолданушылар әртіс мемлекеттік қызмет түрі мәселелері бойынша келгенін жазған.