17 мам, 2022 сағат 12:56

Лев Лещенко Алматыдағы ХҚКО-ға не үшін келгені белгілі болды

Фото:instagram.com/ayzhanova_arailym_

Кеңес және ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына не үшін келгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде әнші ХҚКО-да жүрген суреттер тарады. Қолданушылар әртіс мемлекеттік қызмет түрі мәселелері бойынша келгенін жазған. 

Артынша, Лещенконың Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жүрген кезіндегі суреттері тарады. 

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының мәліметінше, Лев Лещенко Медеу ауданындағы ХҚКО-ға 16 мамырда келген. 

"Расында, мемлекеттік қызмет түрі бойынша келді. Заң бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі туралы ақпарат шектеулі дербес деректерге жатады. Жеке деректерді таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда, егер өзге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса ғана таратуға жол беріледі", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.