27 там, 2020 сағат 13:01

«Лаура» дауылы: АҚШ-та 240 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды

«Лаура» дауылы салдарынан Американың Луизиана және Техас штаттарында 242 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды. Бұл туралы СНН агенттігі хабарлады.

Дауыл салдарынан Луизианада 190 мыңнан астам адам және Техас штатында 52 мыңнан астам адам электр жарығынан қол үзді. 

Саффир-Симпсон шкаласы бойынша төртінші категориялы «Лаура» дауылы Мексика шығанағының американдық жағалауында бейсенбі күні басталған. Ол солтүстікке қарай cағатына 24 шақырым жылдамдықпен бағыт алған, ал жылдамдығы - 66 м/с асып тұр. 

Әдетте Атлантикадағы дауыл маусымы жарты жылға – маусым айының басынан қарашаның соңына дейін жалғасады.