25 мам, 2022 сағат 17:10

Латвияда жаңа гүл сортына Димаш есімі берілді


Латвияда жаңа гүл сортына «Dimash Qudaibergen» атауы берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

"50 мың адам баратын латвиялық «Babite» Рододендрондар паркінде Димаштың фан-клубының бастамасымен «Қазақстан бұрышы» ашылған.

Онда әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар «Miuaniz» жапырақты сорттары және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлді «Qazaqstan» негізгі мәңгі жасыл сорттары да бар" - делінген хабарламада.

Димаштың туған күніне орай алынған эксклюзивті көшеттердің үшеуі саябақта қалады, біреуі Димашқа сыйға тартылады, соңғысы Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі.