21 шіл, 2021 сағат 17:34

Лаостың солтүстігінде 7 адамды опырыла құлаған топырақ басып қалды


Лаостың солтүстік-шығысындағы Сиангкхуанг провинциясында алтын іздеушілер бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кенеттен топырақ опырыла құлап, жеті адамды басып қалған, деп хабарлайды Vientiane Times газеті.

Лаостың Ақпарат, мәдениет және туризм министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға Пхукут ауданының Чой ауылында 10 метр тереңдікте жеті адам бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде орын алған. 

Оның айтуынша, бұл өңірде бірнеше күн толассыз жаңбыр жауып, салдарынан топырақ жұмсарған.

Сиангкхуанг провинциясында іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда.