01 мам, 2020 сағат 13:35

Қызылордаға Атыраудан вахталық жұмыстан келген 3 адам коронавирус жұқтырған

Қызылорда облысында Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істеп келген 3 азаматқа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 204 адам бар. 

Оның ішінде 118 адам сырқатынан толық айығып шықты. 

«Атыраудан кеше вахталық әдіспен жұмыс істейтін 170 адам келген болатын. Олардың үшеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, соңғы тәулікте көпбейінді қалалық аурухананың 3 қызметкері де қатерлі індетті жұқтырып алды. Олардың вирусты жұқтырғаны скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алып жатыр», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы. 

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2966 азамат анықталды. Оның ішінде, 1577-і жақын қарым-қатынаста, 1389-ы жанама байланыста болған.